07.03.2026 03:16

«Реал» жеңісті жұлып әкетті

07.03.2026 03:16

Испания Ла Лигасының 27-турында «Реал» сырт алаңда «Сельтаны» тізе бүктірді

Вигода өткен кездесу 1:2 есебімен аяқталды. Матчта алғаш болып Орельен Тчуамени 11-минутта есеп ашты. Оған 25-минутта Борха Иглесиас жауап қайырды. Ал Мадрид клубына жеңіс әкелген голды 90+4-минутта Борха Иглесиас соқты.

Осылайша «бланкос» 63-ұпайына қол жеткізіп турнир кестесінде екінші орынға жайғасты.

Альваро Арбелоаның шәкірттері келесі турда 14 наурыз күні «Эльчемен» шеберлік байқасады. Ал одан үш күн бұрын Чемпиондар лигасында «Манчестер Ситимен» күш сынасады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram