06.03.2026 20:56

«Реал» 120 миллионға ойыншы алмақ

06.03.2026 20:56

«Челси» жартылай қорғаушысы Энцо Фернандес «Реалға» ауысуы мүмкін

Fichajes хабарлауынша, оны Мадрид клубының президенті Флорентино Перес өз командасында көргісі келеді. «Бланкос» Энцо үшін «Челсиге» 120 миллион еуро төлеуге дайын екен.

Осыған дейін «Реал» көз тігіп отырған Витинья ПСЖ-да қалатынын айтқан еді.

25 жастағы аргентиналық ойыншы Лондонның клубына 2023 жылы «Бенфикадан» 121 миллион еуроға ауысып келді. Ол осы маусымда 42 матчта 11 гол соғып, бес нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram