06.03.2026 15:23

Димарко «Ливерпульге» ауысуы мүмкін

06.03.2026 15:23

«Интер» қорғаушысы Федерико Димарко мансабын «Ливерпульде» жалғауы мүмкін

Экрем Конурдың хабарлауынша, Мерсисайдтың клубы оны жазда қатарына қосқысы келеді. «Қызылдар» Федериконы командадан кетуі мүмкін Эндрю Робертсонның орнына қарастырып отыр.

Одан бөлек Димаркоға «Манчестер Юнайтед», «Арсенал» және «Реал» қызығушылық танытуда. «Нерадзурри» ойыншысын 75-80 миллион еуроға бағалайды.

28 жастағы италиялық ойыншы осы маусымда 35 матчта жеті гол соғып, 15 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram