06.03.2026 12:56
Энрике «Барселонаға» оралуы мүмкін
06.03.2026 12:56
ПСЖ бас бапкері Луис Энрике «Барселона» тізгінін қайта ұстауы мүмкін

El Nacional хабарлауынша, 55 жастағы испан маманы егер Ханс-Дитер Флик келісімшартын ұзартпайтын болса, 2027 жылы «Барселонаға» оралуға дайын. Тіпті ол «блауграна» көз тігіп отырған Брэдли Барколяны өзімен бірге жүруге көндірмек екен.
Энрике Каталония клубын 2014-2017 жылдары жаттықтырған еді. Оның тұсында команда Испанияның екі дүркін чемпионы атанып, Чемпиондар лигасында топ жарды.