06.03.2026 12:41
Тонали «Реалға» ауысуы мүмкін
06.03.2026 12:41
«Ньюкасл» жартылай қорғаушысы Сандро Тонали «Реалға» ауысуы мүмкін

Николо Скираның хабарлауынша, Мадрид клубының скауттары Сандроның ойынын бақылау үшін «Ньюкаслдың» соңғы кездесулерін трибунадан тамашалаған екен.
Одан бөлек 25 жастағы италиялық ойыншыға «Арсенал» мен «Манчестер Юнайтед» қызығушылық танытуда. Ал «сауысқандар» оны кемі 100 миллион еуроға бағалап отыр.
Тонали осы маусымда 44 матчта үш гол соғып, алты нәтижелі пас берді.