05.03.2026 20:35
Әлем чемпионатына өзгеріс енгізіледі
05.03.2026 20:35
Биылғы Әлем чемпионатының матчтары ерекше өтпек

The Athletic хабарлауынша, FIFA ӘЧ-2026 турнирінде әр тайм ортасына үш минут үзіліс енгізуді жоспарлап отыр. Ұйым дода болатын АҚШ, Канада және Мексикада күннің ыстық болатынына байланысты футболшылардың тамақ жібітіп, демалып алуына мүмкіндік бермек. Сондай-ақ телеарналарға бұл уақытта жарнама көрсетуге рұқсат екен.
48 құрама бақ сынайтын мундиаль 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді.