05.03.2026 17:50

Харри Кейн қатардан шықты

05.03.2026 17:50

«Бавария» шабуылшысы Харри Кейн жарақат алды

32 жастағы ағылшын форварды балтыр бұлшық етін зақымдап алыпты.

Осыған байланысты 6 наурызға жоспарланған Бундеслигадағы Мёнхенгладбахтың «Боруссиясына» қарсы ойынға қатыспайды. Бірақ 10 наурызда Чемпиондар лигасы аясында өтетін «Аталантаға» қарсы ойынға дайын болады екен.

Кейн осы маусымда клубтың барлық 37 матчына қатысып, 45 гол мен бес нәтижелі пастың авторы атанды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram