05.03.2026 14:57

«Лейпциг» Диоманденің бағасын бекітті

05.03.2026 14:57

«Лейпциг» вингері Ян Диоманде жақында клуб ауыстыруы мүмкін

Football Insider хабарлауынша, 19 жастағы Кот-д'Ивуар құрамасының жұлдызына «Манчестер Юнайтед» және «Ливерпуль» қызығушылық танытуда.

«Бұқалар» оны оңай жіберіп қойғысы келмейді, сондықтан кемі 70 миллион фунт стерлингке (80,5 миллион еуро) бағалап отыр екен.

Диоманде осы маусымда 26 матчта 10 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram