05.03.2026 11:56

Леау «Миланда» қалады

05.03.2026 11:56

«Милан» Рафаэль Леауды сақтап қалғысы келеді

La Gazzetta dello Sport хабарлауынша, қос тарап келісімшартты 2030 жылдың 30 маусымына дейін ұзарту туралы келіссөз жүргізіп жатыр. «Россонери» Леаудың отбасымен, агентімен және заңгермен байланысқа шығыпты. Жақында келіссөз одан әрі өрбімек.

Жаңа шартқа сәйкес, Рафаның жалақысы да артады екен. Қазір ол бір маусымға шамамен 5,5 миллион еуро алады.

26 жастағы португалиялық вингер «Милан» намысын 2019 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 22 матчта 10 гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Оның қазіргі келісімшарты 2028 жылдың ортасына дейін жарамды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram