05.03.2026 10:03
«Барселона» топ-шабуылшыға қызығушылық білдірді
05.03.2026 10:03
«Ньюкасл» шабуылшысы Ник Вольтемаде «Барселонаға» ауысуы мүмкін

Football365 хабарлауынша, 24 жастағы неміс форвардын Ханс-Дитер Флик өз командасында көргісі келеді. Флик клубтың спорт директоры Декуден Вольтемадені алуды сұрапты. Каталония клубының бас бапкері оны жазда командадан кетуі мүмкін Роберт Левандовскидің орнына қарастырып отыр. Трансфер құны шамамен 70-90 миллион еуроны құрайды деп күтілуде.
Вольтемаде «Ньюкаслға» өткен жазда «Штутгарттан» 75 миллион еуроға ауысып келген еді. Осы аралықта ол 42 матчта 10 гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Оның «сауысқандармен» келісімшарты 2031 жылдың 1 шілдесіне дейін жарамды.