05.03.2026 09:11

«Арсенал» рекорд орнатты

05.03.2026 09:11

Ағылшын Премьер-лигасының 29-турында «Арсенал» «Брайтонды» 1:0 есебімен жеңді

Осылайша «зеңбірекшілер» сырт алаңдағы жеңіліссіз сериясын 12 матчқа дейін ұзартты. Бұл Микель Артета тұсындағы рекорд болып тіркелді.

Лондонның клубы соңғы рет бөгде стадионда 6 қаңтар күні «Астон Виллаға» (1:2) есе жіберген еді. Содан бері команда түзде тоғыз рет жеңіске жетіп, үш мәрте тең нәтиже тіркеді.

Еншісінде 67 ұпайы бар «Арсенал» Ағылшын Премьер-лигасында көш бастап тұр.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram