05.03.2026 05:44

«Арсенал» минималды есеппен жеңіске жетті

05.03.2026 05:44

Ағылшын Премьер-лигасының 29-турында «Арсенал» сырт алаңда «Брайтонды» 1:0 есебімен жеңді

«Амекс Стэдиумде» өткен матчта жалғыз голды 9-минутта Букайо Сака соқты.

Осылайша Лондонның клубы 67-ұпайына қол жеткізіп, турнир кестесінде көш басында қалды.

Микель Артетаның шәкірттері келесі турда 14 наурыз күні «Эвертонды» қабылдайды. Ал одан үш күн бұрын Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясында «Байерге» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram