05.03.2026 05:41

«Манчестер Сити» ұпай жоғалтты

05.03.2026 05:41

Ағылшын Премьер-лигасының 29-турында «Манчестер Сити» өз алаңында «Ноттингем Форестпен» тең тарқасты

«Этихад» стадионында өткен кездесуде 2:2 есебі тіркелді. Алаң иелерінің сапында Антуан Семеньо және Родри гол соқты. Ал оған Морган Гиббс-Уайт пен Эллиотт Андерсон жауап қайырды.

Осылайша «қалалықтар» турнир кестесінде 60 ұпаймен екінші орында қалды.

Пеп Гвардиоланың шәкірттері келесі турда 14 наурыз күні «Вест Хэмге» қонаққа барады. Ал одан үш күн бұрын Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясында «Реалмен» түзде ойнайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram