05.03.2026 05:38

«Челси» «Астон Вилланы» ойсырата жеңді

05.03.2026 05:38

Ағылшын Премьер-лигасының 29-турында «Челси» сырт алаңда «Астон Вилланы» сенімді жеңді

Бирмингемде өткен кездесу 1:4 есебімен аяқталды. Матчта есепті алаң иелерінің ойыншысы Дуглас Луис ашқан еді. Алайда оған Коул Палмер мен хет-трик жасаған Жоао Педро жауап қайырды.

Осылайша Лондонның клубы 48-ұпайын олжалап турнир кестесінде бесінші орынға жайғасты.

Лиам Росеньор шәкірттері келесі турда 14 наурыз күні «Ньюкаслды» қабылдайды. Ал одан үш күн бұрын Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясында ПСЖ-ға қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram