04.03.2026 21:48
Мастантуоно алдағы матчтарға қатыспайды
04.03.2026 21:48
RFEF «Реал» вингері Франко Мастантуоноға жаза қолданды

18 жастағы аргентиналық ойыншы «Хетафеге» (0:1) қарсы матчта төрешіге дөрекі сөйлегені үшін қызыл қағаз алған еді. Осыған байланысты ол ішкі біріншіліктегі «Сельта» (6 наурыз) және «Эльчеге» (14 наурыз) қарсы матчқа қатыспайтын болды.
Ал Дин Хейсен мен Альваро Каррерас сары қағаздың көптігіне байланысты тек бір ойыннан тыс қалады.
26 турдан кейін 60 ұпай жинаған Мадридтің клубы Испания Ла Лигасында екінші орында келеді.