04.03.2026 17:36
Морган Роджерс «Ливерпульге» ауысуы мүмкін
04.03.2026 17:36
«Астон Вилла» жартылай қорғаушысы Морган Роджерс «Ливерпульге» ауысуы мүмкін

Anfield Watch хабарлауынша, Мерсисайдтың клубы оны келер жазда қатарына қосуды көздеп отыр. «Астон Вилла» Чемпиондар лигасына шыға алмай қалған жағдайда ғана Роджерсті сатуға дайын екен. Ол кезде трансфер құны шамамен 115 миллион еуроны құрайды.
23 жастағы англиялық ойыншы «арыстандар» намысын 2024 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 39 матчта 10 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.