04.03.2026 14:06

Ван де Вен топ-клубқа ауысуы мүмкін

04.03.2026 14:06

«Тоттенхэм» қорғаушысы Микки ван де Вен клуб ауыстыруы мүмкін

Sports boom хабарлауынша, оған «Барселона», «Реал» және «Ливерпуль» қызығушылық танытуда.

Миккидің өзі «Тоттенхэмнен» кеткісі келеді. Жақында ол келісімшартты ұзарту жөніндегі ұсыныстан бас тартыпты. Ал Лондонның клубы ойыншысын 100 миллион еуро шамасында бағалап отыр.

24 жастағы Нидерланд өкілі «қораздардың» намысын 2023 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 34 матчта жеті гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram