04.03.2026 11:43

Джака АПЛ-дегі 250-матчын өткізді

04.03.2026 11:43

Ағылшын Премьер-лигасының 29-туры аясында «Сандерленд» сырт алаңда «Лидсті» 1:0 есебімен тізе бүктірді

Бұл Гранит Джаканың Ағылшын Премьер-лигасындағы 250-матчы болды. Ол «Сандерлендке» дейін «Арсенал» намысын жеті жыл (2016-2023) қорғаған еді. Осылайша Джака АПЛ-де мұнша көп кездесу өткізген алғашқы Швейцария өкілі атанды.

33 жастағы жартылай қорғаушы лигада жалпы 18 гол соғып, 29 нәтижелі пас берген.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram