04.03.2026 03:42
«Барселона» Испания кубогынан ұшып кетті
04.03.2026 03:42
Испания кубогыны жартылай финалының қарымта матчында «Барселона» өз алаңында «Атлетиконы» 3:0 есебімен тізе бүктірді

«Камп Ноуда» өткен кездесуде Марк Берналь дубль жасаса, Рафинья бір гол соқты. Бірақ келесі кезеңге алғашқы матчта 4:0 есебімен жеңіске жеткен Мадридтің клубы шықты.
Енді Диего Симеоненің шәкірттері турнирдің финалында «Атлетик» — «Реал Сосьедад» (0:1) жұбының жеңімпазымен кездеседі.