03.03.2026 22:53
Криштиану Роналду қатардан шықты
03.03.2026 22:53
«Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду жарақат алды

41 жастағы португалиялық форвард «Әл-Фейхаға» (3:1) қарсы матчта бұлшық етін зақымдап алыпты. Осыған байланысты шамамен 2-6 апта көлемінде командасына көмектесе алмайды. Ал қатарға қашан оралатыны нақты белгісіз.
Роналду Саудияның клубында 2023 жылдан бері ойнап келеді. Ол осы маусымда 26 матчта 22 гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.