03.03.2026 22:00

Бруну Фернандеш АПЛ-де үздік атанды

03.03.2026 22:00

Бруну Фернандеш Ағылшын Премьер-лигасының 28-турдағы үздік ойыншысы атанды

«Манчестер Юнайтед» жартылай қорғаушысы «Кристал Пэласқа» (2:1) қарсы ойында бір гол соғып, Беньямин Шешкоға нәтижелі пас берген еді.

Осылайша 31 жастағы португалиялық ойыншы жанкүйерлердің дауыс беру нәтижесінде Уго Экитикені («Ливерпуль»), Габриэльді («Арсенал»), Миккель Дамсгорды («Брентфорд»), Харри Уилсонды («Фулхэм»), Бетоны («Эвертон»), Жоао Гоместі («Вулверхэмптон») және Диего Гоместі («Брайтон») артқа тастады.

Фернандеш осы маусымда 27 матчта жеті гол соғып, 14 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram