03.03.2026 17:17
Леннарт Карлға топ-клубтар көз тікті
03.03.2026 17:17
«Бавария» жартылай қорғаушысы Леннарт Карл алты клубтың назарын өзіне аударды

Экрем Конурдың хабарлауынша, 18 жастағы неміс жартылай қорғаушысының әр ойынын АПЛ клубтары «Ливерпуль», «Манчестер Сити», «Арсенала», «Челси» және «Ньюкасл» жіті бақылап отыр. Сондай-ақ «Реал» да оны болашақта өз қатарынан көргісі келеді екен.
Леннарт Карл осы маусымда 31 матчта жеті гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Оның Мюнхен клубымен келісімшарты 2029 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.