03.03.2026 14:29
Левандовски «Атлетикке» қарсы ойнауы мүмкін
03.03.2026 14:29
«Барселона» шабуылшысы Роберт Левандовскидің жағдайы белгілі болды

37 жастағы поляк форварды осыған дейін сол жақ көз шарасының сүйегін сындырып алған еді. Осыған байланысты бүгін, 3 наурызда «Атлетикоға» қарсы ойнамайды.
Mundo Deportivo хабарлауынша, ол 7 наурыз күні өтетін «Атлетикпен» кездесуге қатысуы мүмкін. Роберт бұл матчқа арнайы бетперде киіп шығады деп күтілуде.
Левандовски осы маусымда 32 матчта 14 гол соғып, үш нәтижелі пас берді.