03.03.2026 12:00
«Реал» үш футболшысынан айырылды
03.03.2026 12:00
Испания Ла Лигасының 26-турында «Реал» өз алаңында «Хетафеге» 0:1 есебімен есе жіберді

Матч барысында Дин Хейсен мен Альваро Каррерас ескерту алды. Осылайша бұл екеуі сары қағаздың көптігіне байланысты келесі кездесуге қатыспайды. Одан бөлек ойын соңында алаңнан қуылған Франко Мастантуоно да алдағы матчтан тыс қалады.
Мадридтің клубы келесі турда 6 наурызда «Сельтаға» қонаққа барады.