03.03.2026 09:06

Спаллетти «Ювентусте» қалады

03.03.2026 09:06

«Ювентус» бас бапкері Лучано Спаллеттимен келісімшартты ұзартады

Николо Скираның хабарлауынша, қос тарап 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды құжатқа қол қою туралы келісімге келді. Туриннің клубы келісімшартты халықаралық үзіліске дейін ұзартуды көздеп отыр.

66 жастағы италиялық маман «бьянконери» тізгінін 30 қазанда ұстаған еді. Содан бері команда 14 рет жеңіске жетіп, жеті мәрте тең түссе, алты ойында қарсыласына жол берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram