03.03.2026 08:26

Де Брюйне қатарға оралды

03.03.2026 08:26

«Наполи» жартылай қорғаушысы Кевин де Брюйне қатарға оралды

34 жастағы бельгиялық ойыншы топтық жаттығуда төбе көрсетті.

Осыған дейін ол сан бұлшық етін зақымдап алып, салдарынан қазан айынан бері ойнамаған еді. Кевин алаңға шамамен осы айдың соңында оралуға ниетті.

Де Брюйне Неапольдің клубына өткен жазда «Манчестер Ситиден» еркін агент ретінде ауысып келген еді. Ол содан бері 11 матчта төрт гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram