03.03.2026 11:12
Горецкаға бес клуб көз тікті
03.03.2026 11:12
«Бавария» жартылай қорғаушысы Леон Горецка жазда клубтан кететінін хабарлап қойды

Bayern Insider хабарлауынша, 31 жастағы неміс ойыншысына «Интер», «Милан», «Ювентус», «Тоттенхэм» және «Арсенал» қызығушылық танытып отыр. Ал Леонның өзі «Арсеналға» ауысқысы келеді екен.
Горецка Мюнхен клубының намысын 2018 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 32 матчқа қатысып, екі гол соқты.