03.03.2026 12:49
Филипе Луис жұмыссыз қалды
03.03.2026 12:49
Филипе Луис «Фламенго» бас бапкері қызметінен босатылды

Бразилияның клубы 2027 жылға дейін жарамды болған келісімшартты мезгілінен бұрын бұзды.
40 жастағы маман «қара-қызылдарды» 2024 жылдан бері жаттықтырып келді. Оның тұсында команда 63 рет жеңіске жетіп, 21 мәрте тең түссе, 16 ойында қарсыласына жол берді. Сондай-ақ «Фламенго» Филипенің жетекшілігімен Либертадорес кубогын иеленді.
Айта кетейік, Филипе футболшы ретіндегі мансабында «Атлетико», «Челси», «Фламенго» және Бразилия құрамасында ойнаған.