03.03.2026 18:55

Родриго ауыр жарақат алды

03.03.2026 18:55

«Реал» шабуылшысы Родриго жарақат алды

25 жастағы бразилиялық ойыншы «Хетафеге» (0:1) қарсы матчта тізесін оңбай зақымдап алыпты.

Көптеген басылымдар (Cope, The Athletic, Defensa Central, El Mundo) мен инсайдерлер (Хосе Луис Санчес, Мигель Анхель Диас) оның тізе байламы үзіліп кетуі мүмкін екені жөнінде жарыса жазып жатыр. Егер бұл расталса, Родриго үшін маусым аяқталады, тіпті Әлем чемпионатына да қатыса алмай қалады.

Родриго осы маусымда 27 матчта үш гол соғып, алты нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram