04.03.2026 03:44
«Ливерпуль» «Вулверхэмптонге» есе жіберді
04.03.2026 03:44
Ағылшын Премьер-лигасының 29-туры аясында «Ливерпуль» сырт алаңда «Вулверхэмптонға» жол берді

«Молинью» стадионында өткен кездесу 2:1 есебімен аяқталды. Алаң иелерінің сапында Андре мен Родриго Гомеш мергендік танытты. Ал «Ливерпульдің» жалғыз голын Мұхамед Салах соқты.
Осылайша еншісінде 48 ұпайы бар Мерсисайдтың клубы турнир кестесінде бесінші орында қалды.
Арне Слоттың шәкірттері келесі турда 15 наурыз күні «Тоттенхэиді» қабылдайды.