04.03.2026 13:46

Арбелоа «Реалдан» кетеді

04.03.2026 13:46

«Реал» бас бапкері Альваро Арбелоа жақында қызметінен қуылады

Пепе Альварестің хабарлауынша, Мадридтің клубы нақты шешім қабылдап қойыпты. 6 наурыз күні өтетін «Сельтаға» қарсы матчтан соң Арбелоа ресми түрде орнын босатады екен.

Осылайша 11 наурызға жоспарланған «Манчестер Ситимен» ойынға команданы басқа тәлімгер бастап шығады.

43 жастағы испан маманы «Реал» тізгінін 13 қаңтарда ұстаған еді. Содан бері «бланкос» сегіз рет жеңіске жетіп, төрт мәрте жеңіліс тапты. 26 турдан кейін 60 ұпай жинаған клуб Ла Лигада екінші орында келеді және «Барселонадан» төрт ұпайға қалып қойды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram