04.03.2026 12:06
Родри «Реалға» ауысуға дайын
04.03.2026 12:06
«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Родри жақында клуб ауыстыруы мүмкін

El Nacional хабарлауынша, оған «Реал» қызығушылық танытуда. Мадрид клубының басшысы Флорентино Перес Родридің ауыр жарақаттан кейін қалпына келе алатынына нақты сене алмай отыр. Сондықтан ұсыныс жасауға асық емес. Ал Отанын сағынып жүрген Родри «бланкос» қатарына қосылуға дайын екен.
29 жастағы испаниялық ойыншы осы маусымда 23 матчқа қатысып, бір гол соқты.