05.03.2026 05:40
«Манчестер Юнайтед» «Ньюкаслға» есе жіберді
05.03.2026 05:40
Ағылшын Премьер-лигасының 29-турында «Манчестер Юнайтед» сырт алаңда «Ньюкаслға» есе жіберді

«Сент-Джеймс Паркта» өткен кездесуде «сауысқандар» 2:1 есебімен жеңіске жетті. Матчтың 45+1-минутында алаң иелерінің жартылай қорғаушысы Джейкоб Рэмзи алаңнан қуылып кеткен еді. Бірақ «Ньюкасл» сапында оған қарамастан Энтони Гордон мен Уиллиам Осула мергендік танытты. Ал «Манчестер Юнайтедтің» жалғыз голын Каземиро соқты.
Осылайша «қызыл сойқандар» турнир кестесінде 51 ұпаймен үшінші орында қалды.
Майкл Кэрриктің шәкірттері келесі турда 15 наурыз күні «Астон Вилланы» қабылдайды.