05.03.2026 08:20
Влахович қатарға оралды
05.03.2026 08:20
«Ювентус» шабуылшысы Душан Влаховичтің жағдайы белгілі болды

La Gazetta dello Sport хабарлауынша, 26 жастағы серб ойыншысы командамен бірге жаттығып жүр. Душан 14 наурызға жоспарланған «Удинезеге» қарсы матчқа қатысатын футболшылар тізіміне енуі мүмкін, бірақ негізгі құрамда шығуы неғайбыл.
Ол осыған дейін 29 қарашада «Кальяримен» (2:1) ойында сол аяғының бұлшық етін зақымдап алып, содан бері ойнамаған еді.
Влахович осы маусымда 17 матчта алты гол соғып, екі нәтижелі пас берді.