05.03.2026 08:47
Сака «Арсеналдағы» 300-матчын өткізді
05.03.2026 08:47
Ағылшын Премьер-лигасының 29-турында «Арсенал» сырт алаңда «Брайтонды» 1:0 есебімен жеңді

Бұл Букайо Саканың «Арсеналдағы» 300-матчы болды және ол жалғыз голды соғып, командасына жеңіс сыйлады.
Осылайша ол (24 жас 180 күн) «Арсенал» сапында 300 матч өткізген ең жас ойыншылар тізімінде төртінші орынға жайғасты. Бұл көрсеткіш бойынша Давид О'Лири (23 жас 315 күн) көш бастап тұр, екінші орынға Сеск Фабрегас (23 жас 341 күн) жайғасса, үздік үштікті Лиам Брэйди (24 жас 73 күн) түйіндеген.
24 жастағы англиялық вингер Лондон клубының намысын 2019 жылдан бері қорғап келеді. Осы аралықта Сака 79 гол соғып, 78 нәтижелі пас берді. Ол жақында «зеңбірекшілермен» келісімшартын 2030 жылдың 30 маусымына дейін ұзартып қойды.