05.03.2026 09:35
Горецкаға 12 клуб көз тікті
05.03.2026 09:35
«Бавария» жартылай қорғаушысы Леон Горецкаға 12 клуб қызығушылық танытуып отыр

Экрем Конурдың хабарлауынша, оны «Арсенал», «Челси», «Ливерпуль», «Манчестер Сити», «Манчестер Юнайтед», «Тоттенхэм», «Ньюкасл», «Марсель», «Атлетико», «Интер», «Наполи» және «Ювентус» өз қатарынан көргісі келеді.
Осыған дейін Горецка маусым соңында «Бавариядан» кететінін хабарлаған еді.
31 жастағы неміс жартылай қорғаушысы Мюнхен клубының намысын 2018 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 32 матчқа қатысып, екі гол соқты.