05.03.2026 11:07
Мюллер Әлем чемпионатының фаворитін атады
05.03.2026 11:07
«Ванкувер Уайткэпс» шабуылшысы Томас Мюллер биылғы Әлем чемпионатының фаворитін атады

— «Месси қатарда болғанда Аргентина әрдайым фаворит. 2022 жылы Лео өз қауқарын мінсіз қолданды. Көп күш сарқымады, тек шешуші сәттерде жарқырады. Ол болмаса ойым өзгеруі мүмкін»,– деді 36 жастағы неміс футболшы.
Аргентина биылғы Әлем чемпионатында Алжир, Аустрия және Иорданиямен бірге J тобында ойнайды. АҚШ, Канада және Мексикадағы мундиаль 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді.