05.03.2026 14:28
Витинья «Реалға» ауыспайды
05.03.2026 14:28
ПСЖ жартылай қорғаушысы Витинья клубта қалатынын айтты

— «Клубтан кетсем ақымақтық болады. Өзімді ПСЖ-да жақсы сезінемін. Мұндағы жандар мені бағалайды, құрметтейді. Отбасыма да Париж ұнайды. Бізде керемет команда мен ғаламат бапкер бар»,— деді Витинья.
Осыған дейін Витиньяның «Реалға» ауысуы мүмкін екені туралы қауесет тараған еді.
26 жастағы португалиялық ойыншы ПСЖ намысын 2022 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 37 матчта алты гол соғып, 10 нәтижелі пас берді.