05.03.2026 19:03

Витинья әлемнің үздік жартылай қорғаушысын атады

05.03.2026 19:03

ПСЖ жартылай қорғаушысы Витинья өз позициясындағы әлемнің үздіктерін атады

— «Көш басына Педриді қояр едім. Оның сиқыры бар, қарасаң көзің тоймайды. Оған қарсы ойнағанда шынымен де үздік екенін түсінесіз»,— деді Витинья.

Сондай-ақ Витинья өз рейтингісіндегі үздік үштікке Жоау Невеш пен Бруну Фернандешті кіргізді.

26 жастағы Витинья осы маусымда 37 матчта алты гол соғып, 10 нәтижелі пас берді. Ол осыған дейін «Реалдың» қызығушылығына қарамастан, ПСЖ-да қалатынын айтқан еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram