06.03.2026 13:25
Маркос Сенеси үшін бес клуб таласпақ
06.03.2026 13:25
«Борнмут» қорғаушысы Маркос Сенеси жазда клубтан кетеді

Маттео Мореттоның хабарлауынша, қос тарап 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзартпайды.
Қазір Сенеси «Ювентус», «Тоттенхэм», «Астон Вилла» және «Боруссиямен» байланыста екен. Сондай-ақ оған «Барселона» да қызығушылық танытып отыр.
Сенеси осы маусымда 30 матчқа қатысып, төрт нәтижелі пас берді.