06.03.2026 18:39

Роналду Испанияға барып ем қабылдайды

06.03.2026 18:39

«Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналдудың жағдайы белгілі болды

41 жастағы португалиялық форвард «Әл-Фейхаға» қарсы матчта бұлшық етін зақымдап алған еді.

The Touchline хабарлауынша, бұл жарақаты ойлағаннан да ауыр болып шықты. Осыған байланысты ол Мадридке барып ем қабылдайды екен. Ал қатарға қашан оралатыны нақты белгісіз.

Роналду Саудияның клубында 2023 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 26 матчта 22 гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram