07.03.2026 02:52
«Бавария» ірі есеппен жеңіске жетті
07.03.2026 02:52
Германия Бундеслигасының 25-турында «Бавария» өз алаңында Мёнхенгладбахтың «Боруссиясын» 4:1 есебімен жеңді

Мюнхен клубының сапында Луис Диас, Конрад Лаймер, Жамал Мусиала және Николас Джексон мергендік танытты.
Осылайша Венсан Компанидің шәкірттері 66-ұпайын олжалап, турнир кестесінде көш басына жайғасты.
Келесі турда команда 14 наурыз күні «Байермен» кездеседі. Ал одан төрт күн бұрын Чемпиондар лигасында «Аталантамен» ойнайды.