07.03.2026 03:31
«Ливерпуль» Англия кубогының ширек финалына шықты
07.03.2026 03:31
Англия кубогының 1/8 финалында «Ливерпуль» сырт алаңда «Вулверхэмптонды» 3:1 есебімен тізе бүктірді

Мерсисайдтың клубы сапында Эндрю Робертсон, Мұхамед Салах және Кёртис Джонс қақпа торын тулатты.
Осылайша «қызылдар» ширек финалға жолдама алды.
Айта кетейік, 29 турдан кейін 48 ұпай жинаған Арне Слоттың шәкірттері Ағылшын Премьер-лигасында алтыншы орында келеді.