07.03.2026 04:07

ПСЖ «Монакоға» есе жіберді

07.03.2026 04:07

Франция Бірінші лигасының 25-турында ПСЖ өз алаңында «Монакоға» жол берді

«Парк-де-Пренс» стадионында өткен кездесуде 1:3 есебі тіркелді. Монегаскілер сапында Манес Акилуш, Александр Головин және Фоларин Балогун мергендік танытты. Ал Париж клубының жалғыз голын Брэдли Барколя соқты.

Бірақ Луис Энрике шәкірттері жеңіліске қарамастан 57 ұпаймен турнир кестесінде көш басында қалды.

Келесі турда команда 22 наурыз күні «Ниццаға» қонаққа барады. Ал оған дейін Чемпиондар лигасы 1/8 финалы аясында «Челсиге» қарсы екі матч өткізеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram