17.09.2025 08:39

«Интер Майами» жеңіске жетті

17.09.2025 08:39

АҚШ-тың MLS чемпионаты аясында «Интер Майами» «Сиэтл Саундерсті» 3:1 есебімен жеңді

Кездесуде Лионель Месси бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Одан бөлек флоридалықтардың сапында Жорди Альба мен Йен Фрэй мергендік танытты.

39 жастағы аргентиналық шабуылшы сондай-ақ матчтың үздік ойыншысы деп танылды.

Осылайша 27 ойыннан кейін 49 ұпай жинаған «Интер Майами» шығыс конференциясында бесінші орынға жайғасты.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram