26.09.2025 03:29
Джеки Чан Алматыға футбол көру үшін келді ме?
26.09.2025 03:29
23 қыркүйек күні әлеуметтік желіде атақты актер Джеки Чанның Алматыға келгені туралы ақпарат тарады
Мәлімет бойынша, актерды еліміздегі медакомпания өкілдерінің бірі қарсы алған. Актердің ұшақтан түсіп, көлікке мініп жатқаны таспаланған видео желіде қызу талқылануда. Бірі Джеки Чанның түсірілім жұмысы үшін келгенін алға тартса, екіншісі оны "Қайрат" пен "Реал Мадрид" матчына құрметті қонақ ретінде шақырғанын айтады.
Ал 25 қыркүйекте 71 жастағы актер Алматы қаласының көрікті жерлерін аралап, түсірілім жасаған. Әзірге компания да, клуб та Джеки Чанның елімізге не үшін келгені жайында пікір білдірмеді.