26.09.2025 01:55
"Реал Мадрид" үздік үштікке кірген ойыншыға көз тігіп отыр ма?
26.09.2025 01:55
"Алтын доп" табыстау рәсімі өткен соң, ақпарат әлемінде түрлі қауесет тарады. Соның бірі "Реал Мадридтің" Витиньяға көз тігіп, "ПСЖ-мен" келісімге келудің жолын іздестіріп жатқаны еді. Көп өтпей, үздік жартылай қорғаушының Испанияға қоныс аударуға кетәрі емесі хабарланды
El Nacional басылымының жазуынша, "Пари Сен-Жермен" клубының 25 жастағы ойыншысы "Реал Мадридке" ауысуға қарсы емес. Ол бұл чемпионатта "асарымды асап, жасарымды жасадым" деп топшылаған. Оның ойынша мансабын жалғастырудың келесі сатысы - испан Ла лигасы. Агентіне басқа лигаға ауысқысы келетінін, жаңа деңгейді байқап көрмекке бекінгенін хабарлаған.
Оның үстіне БАҚ өкілдері Витинья мен Луис Энрике арасында ала мысық жүгіріп өткенін нұсқаған. Кейінгі кезде испан маманы мен ойыншы жиі сөзге келіп, сол үшін арадағы байланыс ажыраған деседі.
Ал мұндай жаңалықты "Реалдың" бапкері қуанышпен қабылдаған. Өйткені Алонсаға қазір орталыққа күш қосу артық етпейді. Клуб президенті де Әл-Хелаифимен келісімге келудің жолын қарастырады. Бұдан бұрын атақты журналист Андрес Мартинес "Реал Мадридтің" келесі жылы жазда Витиньяны 90 млн еуроға қатарына қосқысы келетінін айтқан.