21.09.2025 18:42
«Алтын доп» табыстау кешіне ПСЖ келмейді
21.09.2025 18:42
Франция Бірінші лигасының 5-туры аясында бүгін, 21 қыркүйек күні өтуі керек болған «Марсель» – ПСЖ кездесуі кейінге шегерілді
Чемпионаттың ережесіне сәйкес, ойын бір күннен кейін, яғни ертең, 22 қыркүйек сағат 23:00-де өтетін болды.
Ал дәл осы уақытта Париждегі Шатле театрында 2025 жылдың үздік ойыншысына «Алтын доп» табысталады.
Биыл париждік клубтың атынан марапатты жеңуге Осман Дембеле, Хвича Кварацхелия, Дезире Дуэ, Витинья, Жоау Невеш, Фабиан Руис, Нуну Мендеш және Ашраф Хакими үмітті болып отыр.