09.09.2025 20:08
«Алтын доп» табыстау кешіне «Реал» өкілдері келмеуі мүмкін
09.09.2025 20:08
«Реал» өкілдері «Алтын доп» табыстау кешіне тағы да келмеуі мүмкін
Marca мәліметінше, France Football осы мәселе бойынша Мадрид клубымен келіссөз жүргізген. Алайда беделді басылым дегеніне жете алмапты.
«Бланкос» өткен жылы да салтанатты шараға қатыспаған. Биыл патша клубының сапында «Алтын допты» жеңуден Джуд Беллингем, Килиан Мбаппе және Винисиус Жуниор үміткер болып отыр.
«Алтын доп» табыстау рәсімі 22 қыркүйек күні өтеді. 2025 жылдың үздік ойыншысы Париждегі Шатле театрында анықталады. Былтыр басты жүлдені «Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Родри жеңіп алған еді.