09.09.2025 14:18

«Алтын доп» табыстау кешін танымал футболшы жүргізеді

09.09.2025 14:18

2025 жылғы «Алтын доп» табыстау кешінің жүргізушілері белгілі болды

Салтанатты шарада Нидерланд құрамасы мен «Миланның» бұрынғы жартылай қорғаушысы, 1978 жылғы «Алтын доп» иегері Руд Гуллит жүргізуші қызметін атқарады.

Бұрынғы футболшы британиялық журналист Кейт Скоттпен жұп құрады.

«Алтын доп» табыстау рәсімі 22 қыркүйек күні өтеді. 2025 жылдың үздік ойыншысы Париждегі Шатле театрында анықталады. Былтыр басты жүлдені «Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Родри жеңіп алған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram